Шымкентте киберполицейлер ірі интернет-алаяқтық схемасын әшкереледі. Бұл туралы ІІМ хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел шаралар барысында интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды. Ол Қызылорда облысының тұрғыны.
Күдікті, «жеңіл табыс» табу мақсатында дропперлік схеманы ұйымдастырған. Ол таныстарының банк карталарын жинап, мессенджерлер арқылы үшінші тұлғаларға берген. Кейін бұл карталар алаяқтық мақсатта пайдаланылған дейді жауаптылар. Қазіргі таңда, күдііктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Нұргүл Жолымбетова






