Абай ауданына қарасты Қызылжар шағынауданының тұрғындары мазалаған мәселелерін айтып қалалық мәслихаттың депутаты Айгерім Жұмақұловадан көмек сұрады. Айтуларынша, тұратын аймақтарында көлшік пайда болып, жағалауы қоқысқа айналған. Жергілікті тұрғындар, халық қалаулысы аймақты абаттандырып, балалар алаңшасын салу мәселесін де назарға алса,- дейді.
Қызылжар шағын ауданындағы Қосбұлақ пен Сұлу сай көшелірінің қиылысында пайда болған мына көлшік жергілікті тұрғындардың бас ауруына айналған. Жергілікті халықтың айтуынша осы маңдағы канал толғанда су осында ағып шағын көл пайда болады екен. Бара бара айналасы тұрмыстық қоқысқа толып барады, дейді Базаркүл Асылбекова. Жергілікті билік шара көрмесе ойын балалары суға түсіп кетеді ме деп қауіптенеміз деп нарызылығын білдірді.
Базаркүл Асылбекова, Қызылжар шағынауданының тұрғыны: «Көлшікті жағалауындағы қоқыстан тазарту керек. Оны аудандық СЭС жинай ма, әлде әкімдіктің жұмысшылары келіп жинайды ма, өздері біледі. Осы жерді тазалап, қоқыс тастағандарға айыппұл төлету керек».
Тұрғындар көтерген бұл мәселемен Қызылжар шағынаудандындағы ардагерлер Кеңесі тиісті құзырлы органдардың барлығына жүгініпті. Алайда нәтиже шықпағаннан кейін қалалық мәслихат депутатынан жәрдем сұрауға бекініпті.
Смайыл Сейтімов, Қызылжар аймақтық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары: «Әйгерім Жұмақұлова ханымға соңғы өтінішімізді жазып отырмыз. Мына көлдің жағалауын тазалап, ретке келтіріп, балалар спорт алаңшасын салып беруге жәрдем берсе».
Депутаттық ресми сауалға Абай ауданы әкімінің өзі жауап берді. «Қызылжарлықтардың мәселесіне қанықпын бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Ұзындығы 13 шақырым Қосдиірмен каналының егесімен көлшік аумағында болып, жағдаймен таныстық. Бос жатқан жер телімін аудан меншігіне өткізу жұмыстарын жүргізудеміз»,- дейді Бұхарбай Парманов.
Бұхарбай Парманов, Абай ауданы әкімі: «Біз қазіргі кезде көлшіктің жанының бәрін Абай ауданы әкімшілігінің балансына аламыз. Қазіргі кезде кадастр басқармасымен бірге сол жерде зерделеу жұмыстарын жүргізіп, жобаларын анықтап алғаннан кейін мемлекеттік актісін алып, ол жерге біз келешекте абаттандыру мәселесін, сосын сол жерде балалар ойнайтын алаңшаларын салып, ретке келтіріп, бақылауға алатын боламыз».
Бұл мәселе алдағы уақытта тек аудан әкімінің ғана емес қалалық мәслихат депутатының бақылауында болады.
Шынар Оразова