Түркістан полицейлері алтын бұйымдарды ұрлаған қойшыны ұстады

134

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданған. Оның айтуынша өзінің тұрғын үйіне белгісіз біреулер кіріп жатын бөлмеде тұрған алтын бұйым әшекейлерін жымқырып кеткенін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 400 000 теңгені құрады.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Нәтижесінде білікті қырағы сарыағаштық полицейлер тәулік ішінде күдікті ер азаматты анықтап полиция бөліміне жеткізді.

Белгілі болғандай, күдікті ер азамат жәбірленушінің қойшысы болып шықты. Әйелдің үйінен шығып кеткенін көрген қойшы өз арам ойын жүзеге асырған. Қазіргі таңда қолды болған әшекейлер толықтай заңды иесіне қайтарылды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдікті ер адамға қатысты тергеу амалдарын жалғастыруда. Әшекей бұйымдарының табылғанына қуанған тұрғын полицейлерге өз алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Түркістан облысының полицейлері бағалы заттарыңыз бен әшекей бұйымдарыңызға мұқият болуларыңызды ескертеді.