Вакцинация – денсаулығымыз бен жақындарымызды қорғаудың тиімді әдісі

68

Елде халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау науқаны жалғасуда. Бүгінгі таңда республиканың 9 миллионнан астам азаматы бірінші компонентпен және 8,9 млн.азаматы екінші компонентпен егілді. 2021 жылдың қараша айынан бастап ревакцинация науқаны басталды.

Шымкент қаласының тұрғындарына коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинацияға барлық адамдар, соның ішінде Қазақстан аумағында 3 және одан да көп ай тұратын, коронавирустық инфекцияға қарсы алғашқы вакцинациялаудың толық аяқталған курсын алған шетелдік азаматтар жатады. Ол коронавирустық инфекцияға қарсы алғашқы вакцинация курсы аяқталғаннан кейін 6 ай аралықпен бір рет жүргізіледі. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың бастапқы курсын алған жүкті әйелдерді КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүктіліктің 16-37 аптасы кезеңінде «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакцинасын пайдалана отырып, ал КВИ-ге қарсы бастапқы вакцинациялаудың толық курсы бар КВИ-мен ауырған адамдарды сауыққаннан кейін 6 айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі. Вакцинация және ревакцинация науқаны Шымкент қаласының Абай ауданында да белсенді жүргізілуде. Ревакцинациядан ауданның 59500 тұрғыны өтті.

Шымкент қаласы Абай ауданында Pfizer компаниясының «Comirnaty» вакцинациясына 37154 адам жатады. Бүгінгі күні бірінші компонентті ауданның 20922 тұрғыны (56,3%) егілді. Вакцинациялауға жататын 28770 жасөспірімнен «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентімен 12-17 жастағы 17282 адам (60,0%) егілді. 2880 жүкті әйелдің ішінде бірінші компонентпен 1126 адам (39,0 %) егілді. Бала емізетін 2511 әйел вакцинацияның бірінші кезеңінен өтті. Бала емізетін әйелдердің жалпы саны 5504 адамды құрайды. Вакцинация – денсаулығымыз бен жақындарымыздың денсаулығын қорғаудың тиімді әдісі. Жерлестерімізді коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға және ревакцинациялауға шақырамыз. Егу кабинеттері демалыссыз жұмыс істейді. Вакцина жеткілікті мөлшерде.

К.А.Адырбаева, Шымкент қаласы Абай аудандық

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы