Украинада қазақстандық меншік иелеріне тиесілі 1457 жүк вагоны тұр

85

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің таратқан  ақпараты бойынша, Украинада қазақстандық меншік иелеріне тиесілі 1 457 жүк вагоны тұр. Оларды басқа бағыттарға жіберу жұмыстары жалғасуда.

Халықаралық тасымалда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін индустрия министрлігі, «Қазақстан темір жолы» және Қазақстанның теңіз порттары жанынан «қауырт желі» ашылды. Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Министрлік Ақтау және Құрық теңіз порттары қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Жүктер бөгеліп жатқан жоқ.
ИИДМ қауырт желісінің телефон нөмірлері:
ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Ахуалдық орталығы: +7 (7172) 98-35-35, 98-35-33;
ҚР ИИДМ Ахуалдық орталығының WhatsApp нөмірі: + 7 708 088 0 800.