Әлемде алтын қымбаттады

81

Әлемде алтын қымбаттады. Бағалы металдың бір унциясы 1962,20 долларға сатылады. Бұл 11-ші  наурыздан бергі ең үлкен көрсеткіш.

АҚШ Ресейге санкция жариялағалы бағалы металға сұраныс артқан. Өткен айда сенімді актив ретінде танылған алтынның құны 2000 доллардан асып кеткен еді. Бұл жүйе жақында проценттік мөлшерлемені жедел арттыруға ниетін білдірді.

Соңғы болжамдар бойынша, алтын бағасы әлі де 1875-2000 доллар аралығында құбыла береді. Бірақ, Ресей мен Украина бір мәмілеге келмесе, одан да қымбаттап кетуі ықтимал.

Шынар Оразова