Әлеуметтік желіде адам сүйектерінің қалдықтары түсірілген суреттер пайда болды

289

Адамның бас сүйегі мен басқа да сүйек қалдықтары жер бетіне шығып халықтың үрейін туғызып отыр. Куәгерлердің айтуынша, қалдықтардың суреттері Біркөлік ауылында түсірілген.

Жергілікті тұрғындар бұл жер өткен жылы қазыла бастағанын айтады. Жаңбырдан кейін жер үстінде адам сүйегінің қалдықтары көріне бастаған. Бұл жерде бұрын ескі зират болған болуы мүмкін.

Төлеби ауданының әкімдігі қазірше мәселені ушықтырып асығыс қорытынды жасамауға шақырады. Олар алдымен оқиға орнына барып, жағдайды өз көздерімен көріп, мұқият зерттеу қажет екенін атап өтті.

Сержан Дүйсебаев, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары: «Ауыл әкімі мұны өз бақылауына алды, жер иесімен оның қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсаты бар-жоғын талқылаймыз. Жаңбыр кезінде де бақылап көреміз. Жағдайды қадағалап отырамыз».

Гүлдана Дәурен