Халықтың табысын арттыруға 197 млрд теңге жұмсалады

60

Халықтың табысын арттыруға 197 млрд теңге жұмсалады.

Үкімет отырысында республикалық бюджетті және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті нақтылау мәселесі қаралды. 2022 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгеге ұлғайтылды.

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру мен макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты шығындар ескеріліп отыр. Әлемдік саяси-экономикалық ахуал да назардан тыс қалмады.

Бұрын қабылданған шұғыл міндеттемелерді іске асыруға арналған қосымша қаражат та есептелді. Азаматтардың табысын арттыруға 200 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді.

Жастарды қолдау, бизнес ашамын деушілерге шағын несие беру, жалға алынған тұрғын үй үшін төлемнің бір бөлігін субсидиялау секілді қолдау түрлері бар. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 238 млрд теңге жұмсалады.Өңірлерді дамытуға 476 млрд теңге бөлінеді.