Қала әкімі Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесіп III, IV, V секторға қарасты 15 шағынауданда балалар ойын және спорт алаңшасын орнату жұмыстарының барысына тоқталып өтті.
Өткен жылы ауданда 15 ойын алаңшасы пайдалануға берілген. Оның 7 -і тұрғындардың ұсынысы бойынша салынған. Биыл 32 ойын алаңын қолданысқа беру көзделіп отыр.
Ал, 2023 жылы 23 балалар ойын алаңшасын пайдалануға беру жоспарлануда. Нәтижесінде үш секторға кіретін 15 шағынаудан 100 пайыз ойын алаңшасымен қамтылады. Аталған секторларда биыл 3 жаңа спорт алаңы салынады. Сондай-ақ, 5 алаңшаға жөндеу жүргізіледі. 2023 жылы 5 спорт алаңшасын орнату кезделіп отыр.
Иззат Миралиев