Шымкент: Абай ауданында 10 спорт және 17 ойын алаңшасы салынады

48

Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов тікелей эфир арқылы 2021 жылы аулаларды абаттандыру бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Өткен жылы 21 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылған. 12 спорт алаңшасы ағымдағы жөндеуден өтіп, 35 спорт алаңшасы салынған. Және демеушілер есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылған.

Сондай-ақ, аудан әкімі биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 17 балалар ойын алаңшасы мен 10 спорт алаңшасы салынатынын айтты.

Гүлдана Дәурен