Шымкентте жүк көлігі шлагбаумды соғып, көліктердің үстіне аударылды

64

Шымкентте жүк көлігі шлагбаумды соғып, көліктердің үстіне аударылды. Оқиға 14 сәуірде Рашидов көшесінде, ескі автовокзал маңында орын алған.

Куәгерлердің сөзінше, «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекетінің аумағында ауыр жүк көлігі шлагбаумды соғып, жанармай бекетінің тұрағындағы 3 көліктің үстіне аударылып кеткен.

Оқиға кезінде көліктерде ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің тежегіші істен шыққан.

Гүлдана Дәурен