Úı ANONS Жалған нөмірмен жүрген жүк көлігі анықталды

Жалған нөмірмен жүрген жүк көлігі анықталды

фото ТОПД
Республикалық маңызы бар «Шымкент–Самара» автожолында қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында кезекті құқық бұзушылықтың жолын кесті.
Патрульдеу кезінде полицейлер жолдағы ахуалды толық бақылауда ұстап, күдік тудырған көліктерді мұқият тексерді. Нәтижесінде автожолдың 2222-шақырымында орналасқан жол бойындағы дәмханалардың бірінің автотұрағында тұрған «Volvo» жүк көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірінің заңдылығына күдіктенді.
Тексеру барысында жүргізуші жүк көлігіне жалған нөмір, тіптен көршілес елдің тіркеу нөмірін тағып алғаны белгілі болды.
Аталған құқық бұзушылық заң талаптарына сәйкес рәсімделіп, материалдар сотқа жолданды.
Сот шешімімен жүргізуші кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.