Түркістанда 9 алаяқтық қылмысқа қатысы бар азамат ұсталды

67

Түркістанда алаяқтық қылмысының 9 жайтына қатысы бар егде жастағы ер адам ұсталды.

Қалалық полиция басқармасына арызданған жәбірленушінің айтуынша, оны жақын таныс емес ер адам алдап кеткен. Яғни ол кәсіпкерлік үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз 585 000 теңге алып беремін деп сендірген. Осы қызметі үшін әйел адамнан 150 000 теңге ақша алған.

Алайда арадан 1 жылдан астам уақыт өтсе де, сенген адамы не жәрдемақы алып бермеген, не ақшасын қайтармаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Белгілі болғандай, күдікті егде жастағы ер адам оңай жолмен ақша табу мақсатында осындай әдіспен бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Күдікті азаматтың жалпы 9 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңге. Ал қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Ал күдікті қамауда.

Мөлдір Ибадуллаева