ҰҚК тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады

68

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасады, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинап, жария етті деген күдікпен бір топ адамды ұстады. Олардың арасында шет мемлекеттің азаматы да бар. Бұл туралы Комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігімен адамдар тобын, оның ішінде шетел мемлекетінің азаматын ұстады.

ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 176-бабы (тыңшылық) және 185-бабы 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу соты осы адамдар тобына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Қылмыстық істердің «Құпия» белгісі бар, осыған байланысты тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілмейді.