Елімізде өткен тәулікте елімізде 6 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде Шымкент пен Түркістан облысынан вирус жұқтыру дерегі тіркелмеді.
Ел бойынша індеттен 5 адам жазылып шықты. Оның ішінде Шымкент пен Түркістан облысынан ешкім жоқ. 23 мамырдағы жағдай бойынша елде 133 адам қауіпті індеттен емделіп жатыр. Оның 49-ы стационарға жатқызылса, 84 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Сала жауаптыларының айтуынша, 7 адамның жағдайы ауыр, 1 пациент өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 498 963 адамға жетті. 2-ші компонентін 9 272 050 адам салдырды. Республика бойынша 4 259 424 адам ревакцинация жасатты. Ал Шымкентте 601 713 тұрғын екпе қабылдаған.
Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 592 699 адам алды. Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 046 948, II компонентін 1 046 106 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша еліміздің барлық өңірі жасыл аймақта.
Жанерке Хумар