Бүгінде еліміз жаңа қадамға аяқ басты, қоғамды демократияландырудың алғы шарттары белгіленді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолында» атты халыққа арнаған Жолдауында ерекше атап өтті. Жолдауда еліміздің тұрақты дамуына сай келетін, келешекте атқарылуға тиісті міндеттер мен шаралардың басым бағыттарын белгілеп берді.
Қазіргідей қалыптасып отырған күрделі кезеңде халықтың бірлігі мен қолдауы, тиісті сала басшыларының халықпен тығыз байланыста жұмыс атқаруы аса маңызды. Жолдауда айқындалған міндеттерді бірлесіп іске асыру барша жұртшылықтың қастерлі борышы. «Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді. Ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге «Жаңа Қазақстанды» құруға кірістік. Баршаңызға мәлім, былтыр егемендіктің маңызды белесіне жеттік. Тарихи өлшеммен қарағанда 30 жыл тым көп уақыт емес»,– деді Президент.
Осы жылдар ішінде еліміз көптеген табыстарға қол жеткізді, Алайда береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін. 2020 жылы бүкіл дүниежүзін қамтыған індетпен, халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендімізге зор қауіп төнді. Індет кезінде қалыптасқан ахуал жөнінде жұртшылыққа үнемі ақпарат беріліп, түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп отырды. Осындай қауіп-қатер кезеңінде мемлекет басшысы халыққа арнап бірнеше үндеу жасады. Барлық жағдайды азаматтарымызға жан-жақты түсіндіріп, жеткізді. Әрбір шешімді еліміздің мүддесіне сай қабылдады. Президент Жолдауында атап өткендей, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын арттыру, денсаулығын сақтау – біздің сала қызметкерлерінің басты борышы.
Шымкент қаласы Абай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы К.Адырбаева