Ел аумағындағы жазғы демалыс орындарының ақысы қымбаттап барады. Мәселен, Алакөлде тынығу құны биыл 30 пайызға өскен. Мамандардың айтуынша, оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, валюта бағамының құбылуы, инфляция және тауардың қымбаттауы.
Десе де, жазғы демалыс қарсаңында Балқаш, Каспий, Бурабай, Алакөл бағыттарындағы турпакеттерге сұраныс басталған. Айта кету керек, өткен жылы ел ішін аралаған отандық туристер саны 7 миллонға жетіп, рекорд жаңартты. Алайда шетелден келетіндер екі еседей азайған.
Қонақтардың 80 пайызы жеке жұмыс мақсатымен келген. Сондықтан, тең жартысы қонақүй емес, таныс-тамырлары, ағайын-туысының үйіне түскен.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша шетелдік қонақ орташа 5 күнге келеді. Әкелген қаржысының 10 пайызы ғана қонақүй, жатын орынға жұмсайды. Республика бойынша қонақүйлерде 4 мыңдай орын бар. Орташа бағасы 7 мың теңге шамасында.
Шынар Оразова