Сары майдың бағасы қымбаттады

117
фото qazir.kz

Биыл Қазақстанда сары май өндірісінің көлемі былтырғымен салыстырғанда 12,6%-ке төмендеп, бағасы 15% қымбаттаған, деп хабарлайды Energyprom.kz. Өңірлер бойынша сары май бағасы Маңғыстау облысында күрт қымбаттап, жыл басынан бері 29%-ке өскен.

Екінші орында Шымкент қаласы мен Жамбыл облысы тұр. Ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы және Павлодар облыстарында баға біртіндеп көтеріліп жатыр.Қаңтар-мамыр аралығында отандық өндірушілер сары майға деген сұраныстың 71 процентін қамтамасыз етті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 83,6% болды. Нәтижесінде импорт бірден 83,5%-ке артты.