Úı ANONS Баспана қымбаттап кетті

Баспана қымбаттап кетті

фото Тенгри

Баспана тағы да  қымбаттай түсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әсіресе, қолданыста болған үйлердің бағасына тоқтам болмай тұр.

Шаршы метрінің орташа құны 474 мың теңгеден асты. Яғни, бір айда 1,1; бір жылда 26 пайызға шарықтап отыр. Ал жаңа үйлердің бағасы қыркүйекте 0,3 процентке көтерілген. Жылдық өсім 19 пайыз. Жалдау ақысы да айтарлықтай қымбаттаған.

Жылжымайтын мүлік саласының сарапшылары доллармен бірге баспана да қымбаттайтынын айтады. Өйткені, импорттық құрылыс материалдарының үлесі басым. Әрі геосаяси ахуалға байланысты баспанаға сұраныстың артқаны белгілі.