Пара алу: Шымкентте 5 айда 65 қылмыс тіркелген

143

Елімізде пара алу, жымқыру фактілері тиылмай тұр. Ағымдағы жылдың бес айында атқарған жұмыстары бойынша есеп берген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері, қылмыстың бұл түрімен қоғам болып күресуге шақырды. Айта кетейік, ағымдағы жылдың алғашқы бес айында тіркелген, жемқорлыққа қатысты қылмыс саны 65 болса, былтыр бұл көрсеткіш 41-ді құраған еді.

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен биыл 5 айда 65 қылмыс тіркелген. Олардың басым бөлігін парақорлық және жымқыру фактілері құраған. Заңбұзушылықтардың басым бөлігі білім, денсаулық сақтау, құқыққорғау және құрылыс салаларында орын алған.
Жандос Жұмабаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:  «Салалар бойынша Шымкентте  анықталған қылмыстардың ең көп саны денсаулық сақтау саласында -24, құқық қорғау блогында -24. Былтыр құқыққорғау органы саласында 11 факт қозғалған болатын. Құрылыс саласында 6, білім саласында 3, мәдениет қаласында 2 және әлеуметтік қорғау саласында 1 қылмыс тіркелген болатын. Сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 29 тұлға әшкереленді. Оның ішінде 10 тұлға мемлекеттік органдардың  бірінші басшылары лауазымдарын атқарған. Өндірісте болған 143 қылмыстық істің 53 тергеумен аяқталды. Оның 19-ы сотқа жолданған болатын».

Департамент өкілі бүгінде әрбір қылмыстық іс бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаудың себептері мен алғышарттарын жою туралы ұсыныстар енгізіліп, ұжымдарда қаралуда дейді. Қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекеттік органдарға 9 ұсыныс енгізіліп, оның 7-уі бүгінде қаралды. Тәртіптік жауапкершілікке 8 лауазымды тұлға тартылыпты.

Спикер: «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына» қатысты  сыбайлас жемқорлықтың сыртқы тәуекелдеріне қатысты анализдік жұмыстар жүргізілуде. Біз өз тарапымыздан тиісті  ақпараттардың барлығын анықтамамен, сол бағыттағы қызметтерді таныстырдық. Қазіргі кезде бізде қылмыстық іс бар. Тергеу амалдары жүргізілуде. Осы тергеу амалдары біткеннен кейін, прокурормен келісіп, сот үкімі шыққаннан кейін қосымша ақпараттарды сіздерге беруге болады».

Парақорлық және жымқыру фактілерінің алдын алу мақсатында департамент мамандары ұжымдармен кездесуден бөлек өзге де түрлі тәсілдер қолдануда.
Интершум сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туралы хабарлаған азаматтарға соттың айыпты үкімінен кейін залал сомасының 10 пайызы. ала алады. Бірақ ол көрсеткіш  4  мың  айлық есептік көрсеткіштен  /АЕК/ аспауы тиіс».

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге ықпал еткен 5 тұлғаға жалпы 900 мыңға жуық сыйақы табысталды. Лауазымды тұлғалар тарапынан ақша бопсалау, жымқыру, өкілеттігін асыра пайдалауға тап болған кез келген азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 Са11-орталығына жүгіне алады. Хабарлама берген азамат жайлы деректер еш жерде жарияланбайды.

Шынар Оразова