Қала күніне орай Шымкентте күрделі оталар жасалып, Ашық есік күні өтеді

154

19 маусым Шымкентте дәстүрлі түрде қала күні атап өтіледі. Мерекеге орай, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен емдеу мекемелерінде еліміздегі жетекші мамандардың қатысуымен күрделі оталар және Ашық есік күні өтіп, медицина мамандары ірі сауда орталықтарында тұрғындарға  медициналық кеңес береді.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарымен Қала күніне орай бекітілген іс шаралар жоспарына сәйкес:

18 маусым күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін «Shymkent plaza», «ЦУМ», «Diamond plaza», «Hyper House» 8 мемлекеттік медициналық мекемелер және 8 жекеменшік медициналық мекемелер қатысуымен сауда ойын – сауық орталықтарында кардиолог, невропатолог, окулист, офтальмолог, уролог, аллерголог, ревматолог, терапевт, хирург, педиатр, гастроэнтеролог, эндокринолог мамандары халықты медициналық кеңестен өткізеді.Ордабасылық дәрігерлер ашық есік күнін өткізді

15 маусым күні Шымкент қаласына медициналық ұйымдарына мастер-класс жүргізу үшін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының медицина саласындағы жоғары білікті жетекші мамандары іс-сапармен келеді.

Атап айтқанда, №2 қалалық ауруханаға Алматы қаласы «Орталық клиникалық ауруханасы» АҚ-нейрохирургия орталығының меңгерушісі – Бердіходжаев Мыңжылқы Сайлауұлы. Қалалық онкологиялық орталыққа Алматы қаласы, Қазақ Ұлттық Онкология және Радиология ҒЗ институты АҚ-ның онкогинекология бөлімінің меңгерушісі – Кукубасов Ерлан Қайырғалиұлы, онкомаммология бөлімінің меңгерушісі – Абдрахманова Алия Жаңалыққызы. Шымкент жүрек орталығына Нұрсұлтан қаласы, Ұлттық кардиохирургия орталығының кардиохирург, ХСН програмасының басшысы – Новикова Светлана Петровна, аритмологиялық қызмет басшысы – Абдрахманов Аян Сулейменоұлы, интервенциялық хирург- Гончаров Алексей Юрьевич  мастер-класс жүргізеді.

Бұған қоса, 15 маусым күні қалалық перинаталдық орталықта Алматы қаласы, «Ғылыми орталығы акушерия, гинекология және перинатология» АҚ-ның төрайымы Мирзахметова Динара Досалықызы, Алматы қаласы Қазақ Ұлттық Онкология және Радиология ҒЗ институты АҚ-ның онкогинекология бөлімінің меңгерушісі-Кукубасов Ерлан Қайырғалиұлы, онкомаммология бөлімінің меңгерушісі- Абдрахманова Алия Жаңалыққызы  жүкті әйелдер мен онкологиялық аурулары бар әйелдерді тегін консультациядан өткізеді.

15 маусым күні сағат 9:00 до 17:00 аралығында қала тұрғындары Шымкент жүрек орталығында Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы іс-сапармен келетін Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының жетекші мамандарынан, атап айтқанда кардиохирургия бөлімі меңгерушісі Новикова Светлана Петровна және интервенциялық кардиология және радиология бөлімі меңгерушісі Алимбаев Серик Анламазұлы мамандарынан тегін консультациядан өте алады.

Шынар Оразова