Шымкент: Көлікте газ атылып, 6 адам зардап шекті

85

Күні кеше  15:19-да Шымкент қаласы Қаратау ауданы, Нұрсат 2 шағынауданындағы №16 тұрғын үйдің алдында «Kia Rio» маркалы автокөлігінің артқы багаж бөлігінде көлемі 350 мл кішкентай газ балоны жарылған.

Салдарынан 1988 ж.т. ер адам,1989 ж.т. әйел, 2012 ж.т. 2015 ж. т. , 2017 ж.т. , 2021 ж.т. жас балалар ауруханаға жеткізілді, оларға бірінші көмек көрсетіліп, үйне қайтарылды.  Алдын ала болжам бойынша күн сәулесінен автокөліктің багажы қызып кеткен.
Оқиға орнына: ТЖД (15 қызметкер мен 3 дана техника) жұмылдырылды.
Шымкент қ ТЖ департаменті еске салады! Күннің аптап ыстығында автокөліктің багаж бөлігінде тез тұтанатын заттарды сақтамаңыздар, абай болыңыздар!