Úı ANONS Ондаған кәсіпорын, мыңдаған көлік: Ауа неге ластанды?

Ондаған кәсіпорын, мыңдаған көлік: Ауа неге ластанды?

Соңғы уақытта Шымкентте ауаның ластанып, жағымсыз иіс тарағанын айтып шағымданушылар көбейді. Мұның себебі неде? Ад ауаның ластағандарға қандай шара қолданылып жатыр? Осы және өзге де сұрақтарға қалалық экология департаменті жауап берді.

Жыл басынан бері Шымкентте қала экалогиясына зиянын тигізген 7 мекемге 19 миллион теңге шамасында айыппұл салынған. 2 мекеменің жұмысын тоқтату үшін сотқа талап-арыз дайындалып жатыр. Жауапты мамандардың сөзінше қала  экологиясының нашарлауына, ауаның ластануына кәсіпорындар мен көліктердің көптігі  сеп болуда. Бұл туралы бүгін қалалық  өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында экология департаментінің басшысы мәлім етті.

Қаладағы индустриалдық аймақтарда 350 кәсіпорын бар. Сонымен қатар 428 мыңның үстінде автокөлік тіркелген.  Оның 120 мыңнан астамы ескі. Бұдан бөлек Түркістан облысынан келіп-кететін көліктің есебі жоқ,

Ауаны ластағандар жазасыз қалмайды. Егер заңбұзушылық расталса, айппұл арқалайды. Жалпы қаладағы иістің шығу себебі көп. Оны тек индустриалдық аймаққа тіреп қоюға болмайды дейді департамент басшысы.  Көбіне иіс түнгі уақытта шығады. Себебі кәсіпорындар сол уақытта арнайы сүзгісін өшіріп тастайды екен.

Кәсіпорындардың әрекетін бақылау үшін арнайы топ құрылған. Департамент әлеуметтік желіде ауаның ластануы не иістің шыққаны жөнінде жазғаннан мәселе шешілмейтінін ескертеді. Ол үшін тұрғындар тікелей экология департаментіне арызданғаны жөн. Әйтпегенде қызметкерлер заң талабы бойынша кәсіпорындарға тексеріс жүргізе алмайды.

Соңғы айларда Шымкентті көк түтін басып, оған жағымсыз иіс қосылды деген ақпарат әлеуметтік желіде көп тарады. Әуелі тұрғындар мұны газ иісі деді. Кейіннен күкірттің иісі дегендер де табылды. Тіпті терезені жапсаң да иістен тұншыға бастағандар, басы айналып, жүрегі айнып жатқандар да жағдайын айтып желіге жарыса жазған еді.

Дилара Иса