Шымкентте түрме бастығының өзі түрмеге қамалды. Қаладағы ИЧ 167\3 түзеу мекемесінің бастығы сот шешімімен 9 жылға сотталды. Ел «31 — аймақ» деп атайтын түзеу мекемесіне басшылық еткен азамат сотталған 6 адамнан 4 млн. теңге көлемінде пара алған.
Әл-Фараби аудандық соты төрағасының мәліметінше, ол азаматтардың жазасын жеңілдету және мерзімінен бұрын шартты түрде босату үшін жемқорлыққа барған көрінеді.
Еркебұлан Төлешов, Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы:
«Көрініс бойынша да кінәсі Жүнісбековтің толық дәлелденді. Алайда ол кінәсін мойындаған жоқ. Дегенмен 6 азаматтың жауабы мен басқа да куәгерлердің жауаптарымен сот оның кінәсі дәлелденді деп шешім қабылдады».
Түрме бастығы жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Алайда әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Мөлдір Ибадуллаева