Жүргізуші куәлігін әперемін деп алдаған қарағандылық ұсталды

77

Түркістан қалалық полиция басқармасына жас жігіт арызданды. Оның айтуынша «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы белгісіз біреу «жүргізуші куәлігін жасап беремін» – деп, сеніміне кіріп, ақшасын банк шотына аудартып алған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 60 000 теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Полиция қызметкерлері қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар банк шоттарын тексеріп, жан-жақты жұмыстар атқарды. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, жәбірленуші әлеуметтік желі арқылы жарнаманы көріп қалған. Содан оның жекесіне жазып, екеуі байланыс орнатқан. Алайда, күдікті өзінің арам ойын жүзеге асырып, күдіктіден ақша алған соң, байланысты үзген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері белгісіз адамдарға сенім артпауға кеңес береді. Таныс емес, бөтен адамға ақша аударып, өзіңізге тиесілі құжаттардың нөмірін бермеуді ескертеді. Егер де, сіз, осындай жайтқа тап болсаңыз немесе куәсі болсаңыз, полицияға хабарласыңыз.