Úı ANONS Шымкентте мас күйде жүргізуші куәлігінсіз бөтеннің көлігін айдап кеткен ер адам ұсталды

Шымкентте мас күйде жүргізуші куәлігінсіз бөтеннің көлігін айдап кеткен ер адам ұсталды

фото ШПД
Шымкент қаласында полицейлер болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды. Кезекші бөлімге қала тұрғынынан автокөліктің ұрланғаны туралы хабарлама түскен.
Көлік құралын тоқтату мақсатында «Ұстау» арнайы жоспары енгізіліп, патрульдік экипаждар бағытталды. Іздестірілген көлік қала көшелерінің бірінде анықталып, тоқтатылды.
Көлік тізгінінде арызданушының туысы екені белгілі болды. Ол автокөлікті мас күйде және жүргізуші куәлігінсіз басқарған. Ер адамның әрекеттері жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген.
Сонымен қатар, құқық бұзушы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.
Жедел әрекеттің нәтижесінде қауіпті жүргізу дер кезінде тоқтатылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Аталған жайт бойынша көлік құралын заңсыз иелену дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.