Түркістан облысында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған «BMW» маркалы автокөлік жүргізушісі анықталды. Атап айтқанда Кентау қаласы көшелерінің бірінде қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарған жүргізуші бейнебақылау камераларының көмегімен жедел анықталып, полиция қызметкерлерімен тоқтатылды.
Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені, міндетті сақтандыру полисінің жарамсыз екені, сондай-ақ автокөліктің сыртқы жарық шамдары заң талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Тәртіп сақшылары жүргізушіге қатысты әкімшлік шаралар көріп, көлікті айыптұраққа қойды.
Қазіргі таңда Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау жүйелері арқылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.







