Бәйдібек би-Арғынбеков қиылысындағы жолайырық қашан пайдалануға беріледі?

151

Шымкентте 2025 жылға дейін қанағаттанарлық жолдың үлесі 85 пайызға жетеді. Осылай деген қалалық автомобиль жолдары басқармасының басшысы биыл 190 нысанда жол-құрылысы жүргізілетінін жеткізді. Оның ішінде екі жолайрық бар. Қала кептелісін реттеу мақсатында салынып жатқан жолайрықтар қашан халық игілігіне беріледі?

Ұ. Арғынбеков көшесі қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ал Бәйдібек би даңғылының бір бөлігі қыркүйек айында ашылады. Бірақ толық жолайырық құрылысы 2023 жылға өтпелі. Шымкент қалалық автомобиль жолдары басқарамасының басшысы Ержан Жоласовтың айтуынша, жұмысты сапалы әрі халыққа тиімді жасау үшін біраз уақыт керек.

Ержан Жолдасов, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасының басшысы: «Сіз қаладан келе жатасыз ғой Бозарық жаққа, сол жолда жанында жол бар. Қазір жабық. Сол жер қыркүейкке дейін ашылады. Яғни, қаладан шығарып жіберетін жол. Ал қалаға кіретін жақта бірінші кезекте оң жақ өткел аяқталады. Сол арқылы А. Байтұрсыновқа шығатын болады».

Жолдасов халықтың негізгі күре жолы саналатын көшені барынша қолайлы мерзімде жаптық дейді. Өйткені жазда университетет пен мектеп жабық, ал жұмыс істейтіндердің басым бөлігі еңбек демалысына шығады. Тиісінше қалада халық та аз болады. Сондықтан осы уақытты пайдаланып күні-түні еңбек етіп деп жатырмыз дейді.

Сондай-ақ мегаполистің өзге көшелерінде де құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Әсіресе, биыл шалғай аудан жолдарына басымдық беріліп отыр.

Ержан Жолдасов, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасының басшысы: «Биыл мына 261 шақырымның 308 көше жөндеуден өтеді. Оның 85 пайызы шалғай елдімекендерде орналасқан. Одан бөлек 122 шақырым шағал тас. Оны екі этаппен жасап жатырмыз. Бірінші этапта жалпы 90 шақырым қойған едік. Одан бөлек биылғы жылы 178 аялдама қою жоспарланып отыр».

Жалпы бүгінгі таңда орташа жөндеу жұмыстары бойынша ұзындығы 155 шақырым болатын 80 нысан аяқталды. Ал 72 жол тамыз айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

                                                                                                Мөлдір Ибадуллаева