Шымкенттегі Бәйдібек би даңғылы мен Қ.Төлеметов көшесінің қиылысы мен кіші айналма жолға жолаыйрық салуға 9,4 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінгені туралы ақпарат тарады. Мұны қала әкімдігі растады. Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасындағы ақпаратқа қарағанда, тапсырысты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы берген.
Лот атауы автокөлік көпірін салу бойынша құрылыс жұмыстары деп аталады. Конкурсқа қатысуға алдын ала өтінімдер 19–24 қараша аралығында қабылданатыны хабарланған.
Дилара Иса






