Шымкент қаласында +40-43 градус қатты ыстық күтілуде

34

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометтің» дауылды ескертуіне сәйкес, Шымкент қаласы ТЖ департаменті 20-22 шілде аралығында Шымкент қаласында +40-43 градус қатты ыстық болатынын хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаменті сақтық шараларын еске сала отырып, мына қағидаларды орындауға шақырады:
Ыстық ауа-райы жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертензиясы бар, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін қауіпті;
Бас киімсіз далаға шықпау;
Күндізгі серуендерден бас тарту;
Физикалық жаттығуларды уақытша тоқтату.