Шымкентте базарлардың жабылуы туралы тарап жатқан мәлімет шындыққа жанаспайды

46
фото stopfake.kz

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әлеуметтік желілерде және WhatsApp желісінде тарап жатқан Шымкент қаласындағы базарлардың жабылуы туралы тарап жатқан мәліметтің ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙТЫНЫН мәлімдейді. Бұл – Департамент басшысының орынбасары А.Ахметовтың 2021 жылы берген сұхбаты.

 

Шымкент қаласы қазіргі таңда «жасыл» аймақта. Карантиндік шектеулер қарастырылмаған, дегенмен қалада КВИ-мен науқастану санының өсуіне байланысты сақтық шараларын сақтауды, қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікте бетперде тағуды, қолды антисептикпен жиі өңдеуді, әлеуметтік арақашықтық сақтауды ҰСЫНАМЫЗ!

P.S. Азаматтарды ресми көзден алынған мәліметтерге ғана сенуге шақырамыз!

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маманы У.Алибаева