Шымкентте жер сілкінісі болды

47

Бүгін Шымкентте жер сілкінісі болды. Сейсмикалық оқиға сағат 13:51-де тіркелді, деп хабарлайды ОТЫРАР.

Бүгін шымкенттіктер жерасты дүмпулерін сезінді. Күндізгі уақытта болған жер сілкінісінің күші 4,6 баллды құрады. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 574 шақырым аумағында болды.
«Алматы» орталық сейсмикалық обсерваториясы кезекші операторының хабарламасы бойынша ҚР ТЖМ «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2022 жылғы 4 шілдеде Алматы уақытымен 13 сағат 51 минут 30 сек (Гринвич бойынша 2022 жылғы 4 шілдеде 07 сағат 51 минут 30 сек) жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің кіндік нүктесі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 574 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.7.
MPV магнитудасы 4.6. Эпицентрдің координаттары 42.42° С. Е. 69.98° ш. б.
Тереңдігі 10 км», деп хабарлайды Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.