Зейнетақы жарнасы 5 пайызға өседі

105

Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасына қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа нұсқа ұсынып отыр. Мәселе, зейнетақы жарнасын 5%-ке өсіруге қатысты.

Үш түрлі нұсқаны қамтитын құжатты министрлік Ашық үкімет порталына шығарды. Құжат 20 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға салынады. Алғашқы балама зейнетақы жарнасын кезең кезеңімен өсіруді көздейді.

Мәселен, келер жылы 1,5%, 2024 жылы 2,5%-дан бастап 2027 жылы 5 пайызға дейін көбейту. Екінші нұсқаны «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұсынып отыр. Олар жұмыс берушілерден міндетті зейнетақы жарнасын алып тастау немесе оны біртіндеп көбейтуді ұсынған. Үшінші нұсқа зейнетақы жарнасын қордағы жеке зейнетақы шоттарында жеке жинақ ретінде енгізу туралы.

Шынар Оразова