Жұмыс берушілер фрилансерлерге көбірек ақша төлеуге міндеттелмек

43

Елімізде жұмыс берушілер фрилансерлерге көбірек ақша төлеуге міндеттелмек. Фрилансер – ерікті, бос, өз  таңдауымен бірнеше жұмысберушілермен  жұмыс істейтін  жұмысшы.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазір осындай құжат әзірлеп жатыр. Өйткені, көптеген компания артық шығын шығарғысы келмей, қызметкерлерді келісім-шарт бойынша жалдап, жұмысқа алады.

Сөйтіп, зейнетақы жарнасына, табыс салығына жұмысшы жалақысының 22 пайызын ғана аударады. Жаңа құжат бойынша міндетті төлемдерге аударылатын қаржыны 34 процентке жеткізу көзделген.