Жол апатына жылқылар себеп болды…

64

16 шілде күні кешкі сағат 20:00 шамасында Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Абдулабад ауылында жол-көлік оқиғасы орын алды. 4 жолаушысы бар “ВАЗ 21099” маркалы автокөлігі Төле би ауданынан Шымкент қаласына қарай бағыт алған.

Дегенмен, сол уақытта жол бойымен өтіп бара жатқан жылқыларды қағып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан, жолдың келесі бағытында келе жатқан “Volkswagen Passat” маркалы жеңіл көлікпен соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Апаттан “ВАЗ 21099” маркалы автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал көліктің 4 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

«Қазіргі таңда, ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі “Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.» – делінген Шымкент қалалық ПД хабарламасында.

Гүлдана Дәурен