Араб инвесторлары Қазақстанда автожол салады

18

Араб елінің инвесторлары біздің елдегі республикалық маңызы бар жолдарды жаңғырту ісін қаржыландырып, ірі автожол жобаларын жүзеге асыруға ниетті. Бұл жайында Премьер-министр Әлихан Смайылов пен ABG компаниясының басшысы Халед Мохаммед Аль Абадидің кездесуінде айтылды.

Тараптар Қазақстандағы жол саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Премьер-Министр бүгінде араб инвесторларының біздің елге деген қызығушылығы артып келе жатқанын айтты. Оған таяуда Мемлекет басшысының Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары ықпал еткен.

Әлихан Смайылов Қазақстан инвестицияларды қорғау және қолайлы іскерлік ахуалды қамтамасыз ету бойынша барлық міндеттемелеріне жауапты екенін жеткізді.

Шынар Оразова