Қашаған кен орны жұмысын бастады

132

Атырау облысындағы Каспий теңізінде орналасқан «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында жұмыс қайта жанданады.

NCOC компаниясы өкілдерінің мәліметінше, кеше түнде өндіріс біртіндеп іске қосылды. Құрлық және теңіз нысандарында рұқсат бойынша, шектеулі көлемде газ жағылады. Газ жағу дегеніміз – күрделі өндірістік операцияларды қайта жандандыру барысындағы стандартты процесс. Бұған дейін «Болашақ» қондырғысында «Қашаған» мұнайын дайындау жұмыстары тоқтап тұрған еді. Оған өндіріс алаңындағы газ құбырының ақауы себеп болған.

Шынар Оразова