Қашаған кен орнында 2025 жылы жаңа газ өңдеу зауыты іске қосылады

42

Қашаған кен орнында 2025 жылы жаңа газ өңдеу зауыты іске қосылады. Бұл туралы үкіметте өткен ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз ету жөніндегі кеңесте айтылды.

«Қашаған кен орнында жаңа жобаларды іске асыру, атап айтқанда қуаты 1 млрд. м3 газ өңдеу зауытын салу мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта ол жерде құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп отыр. Кәсіпорын 2025 жылы іске қосылады деп жоспарланған», – делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оған қоса кен орнында мұнай өндіру көлемін ұлғайту аясында қуаты 4 млрд м3 болатын тағы бір ірі газ зауытының құрылысы пысықталуда. Жобаны екі кезеңде, яғни 2 млрд. м3-ден екі желі бойынша іске асыру жоспарлануда.