Қоғамдық орында қоқыс қалдығын тастаған 100-ге жуық тұрғын анықталды

26

Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 8 қылмыс ашылды. 2022 жылғы 15-21 тамыз аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына 7523 әр түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынған. Оның 3233 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 7 қылмыс ашылған.
Оның ішінде: ұрлық – 2, тонау – 2, бұзақылық – 1, басқа да қылмыстар – 2.
Бейнебақылаулар заң бұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді.
Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 924 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Оның ішінде: қоғамдық орында қоқыс қалдығын тастау – 97, қоғамдық орындарда мас халде жүргендер – 31, қоғамдық орында қайыршылық жасау -20, жол ережесін бұзған – 685, одан басқа да 91 жайт анықталды.