Шымкентте есік алдынан бес жасар қыз жоғалып кетті

37
фото mk-lenobl.ru

Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының 102 арнасына үй ауласында ойнап жүрген жасөспірім қызының жоғалып кеткені бойынша жергілікті тұрғын хабарласып, жағдайдың жай-жапсарын жеткізген. Дәл сол сәтте сол аумақта қызмет атқарып жүрген Патрульдік полиция полкінің №739, 724 автоэкипаж қызметкерлеріне жоғалған баланың сыртқы сипаты туралы мәлімет берілген.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, тиісті аумақтағы ойын алаңдары мен бейнебақылау камераларын қарап, іздеуге кіріскен.
Полиция қызметкерінің жұмысты жылдам ұйымдастыруының нәтижесінде, кішкентай қыз 3 сағаттың ішінде табылған.
«Есік алдында ойнап жүріп, жоғалып кеткен қызды табу оңайға соққан жоқ. Десе де полиция қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде бүлдіршін аудан аумағындағы ойын алаңдарының бірінен аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылды», – деп мәлім етті Патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары полиция майоры Б.Набиев.
Өз кезегінде, полицейлердің жедел әрекетіне тәнті болған баланың анасы алғыс айтып, ризашылығын білдірді.