Шымкентте «түнгі көбелектер» өз қызметтерін ашық ұсынып отыр

176
фото стан.кз

Алматыдағы Саин көшесінің көшірмесі Шымкентте де бар. Республика даңғылының бойын «түнгі көбелектер» жаулап алған. Еріккен еркектер қыз іздесе қызықты осы жерден табады.

«Шұғыл шақырылым» бағдарламасының редакциясына Республика даңғылындағы көпқабатты үйдің тұрғындары бейнежазба жолдады. Шымкент тұрғындары түнде үйлерінің астынан жезөкшелер өріп жүреді деп шағымдануда. Жеңіл жүрісті қыздар өз қызметтерін осы жерде ұсынады.

Бейнежазбада анық көрінгеніндей күмәнді қызмет түрімен айналысатын әйелдер 10-15 адамнан тұрады. Ең көне кәсіп иелерінің қызметін сутенерлер ұсынады.

Көпқабатты үйдің тұрғындар «түнгі көбелектер» мұнда өз қызметтерін ашық ұсынып отыр (сағатына 7-8 мың теңге), ал Республика даңғылының жауапты учаскелік полицейлері әрекетсіз деп ашынып отыр.