«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС: Қазығұрт ауданында электр жүйелері жаңғыртылды

0

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 2016-2022 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын биыл жылдың соңында аяқтайды. Бес жылда Түркістан облысындағы аудандардағы елдімекендерде тозығы жеткен қосалқы стансалар, трансформаторлар мен электр желілері мен бағаналар алмастырылды. Қазығұрт ауданында инвестбағдарлама аясында атқарылған жұмыстар алдағы бейнесюжетте.

Қазығұрт аудандық электр жүйесі мекемесі бүгінде 61 елдімекенді электр энергиясымен қамтып отыр. Мекемеге 386 жиынтық трансформатор қосалқы стансасы, 35/10 киловольттық 14 , 100/10 бір киловольттық қоссалқы стансасы, ұзындығы 206 шақырым 35 киловольттық желісі, 584 шақырымды құрайтын 10 киловольттық желі мен 0,4 кВ желісінің ұзындығы 684 шақырым тиесілі. «Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігімен 2016-2022 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама аясында Қазығұрт ауданында ауқымды жұмыс атқарылды.

Жаханбек Серікбаев, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Қазығұрт аудандық электр желісінің бас инженері: «Қазығұрт аудандық электр жүйелері «Оңтүстік ЖарықТранзит» ЖШС қабылдаған инвестбағдарламасындағы барлық міндеттерді және  жоспарланған жұмыстарды мерзімінде толық орындады. 2021 жылы  19 шақырымды құрайтын 10 кВ  желідегі 189 бағаналарды алмастырдық. 2 КТП қуаттылығы  жақсыларына жаңалады. Сонымен қатар  10 кВ желіде 74 бағана, 0,4 кВ желіде 71 ағаш бағаналарын темірбетонды бағаналарға алмастырдық. 2022 жылы 25 шақырымды құрайтын 10 кВ желіде 217 бағананы жаңаладық. Ұзындығы 24 шақырымдағы 0,4 кВ желідегі 856 дана бағананы алмастырдық. Қазір жұмыстардың 70-80 пайызы аяқталды, жылдың соңына дейін барлығын бітеміз».

Ағымдағы жылы Қазығұрт ауданындағы 12 елдімекенде электр энергиясы жетіспейтін көшелерді қуаты жоғары электрмен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Оңтүстік ЖарықТранзит» компаниясының инвестициялық бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы жалпы 24 жарым шақырым электр желілері, 1073 электр бағналары,3 дана трансформатор орнату жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Әбдікерім Сүлейменов, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Қазығұрт аудандық электр желісінің шебері: «Тұрбат ауылдық округіне қарасты Таң елдімекенінде СИП -48 бағана, ұзындығы  1,3 шақырым желіні алмастырып жатырмыз, өткен ғасырдың 60 жылдары  тартылған линиялар. Манипуляторымыз ГАЗ-53 көлігіміз,  арнайы техникамыз бар, электриктеріміз жетеді. Желілердің жаңаланғаны  ауыл тұрғындарын  сапалы электр жарығымен қамтуға мүмкіндік береді».

5 жылға түзген инвстбағдарламаға энергетиктер шалғайдағы ауылдардағы электр жүйесін жаңғырту жұмыстары да енгізген. Сала мамандары өткен ғасырдың 70 жылдары тартылған электр желісі мен ағаш бағаналарды жаңалауда.
Тұрмахан Күмісбеков, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Қазығұрт аудандық электр желісінің шебері: «Шарбұлақ ауылдық округіне қарасты Ақбастау ауылында 86 бағана әуе желісі алмастырылуда. 45 үйдің желісі жаңарады».

Исабек Алпысов, Қазығұрт ауданы Ақбастау ауылының тұрғыны: «Міне бағаналарымыз ауыстырылып жатыр. 1977 жылдан бері ауыспаған. Рахмет «Оңтүстік ЖарықТранзит» серіктестігінің жігіттеріне».

«Оңтүстік Жарық Транзит» компания басшылығы 2016-2022 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында Түркістан облысындағы және Шымкент қаласына қарасты елдімекендердегі тұрғындарды үздіксіз электр жарығымен қамту бағытында жоспарлаған жұмыстарымызды, міндеттерімізді толық аяқтаймыз деп отыр.