«ОңтүстікЖарықТранзит» жаңа көлік алды

224
энергетиктер жаңа көлік алды
энергетиктер жаңа көлік алды
энергетиктер жаңа көлік алды

Дайындық жұмыстары аяқталды, енді жаңадан сатылып алынған арнайы көліктер мініске сақадай-сай. Олардың дені аудандарға, ауыл-аймаққа жол тартпақ. Жаңа техника жаңа мүмкіндіктерге жол ашады дейді энергетика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан шардаралық маман.

Әбдуахит Манапов, Шардара аудандық электр жүйесінің қызметкері: «Басшыларға алғысымыз шексіз. Жаңа көлік жұмыстың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Енді жаңа көліктерді кем дегенде 20 жылдан аса уақыт күтіп ұстап, еңбекті еселуге сөз береміз».

Қақаған аязды ауа райы жаңа көліктердің кілтін салтанатты түрде табыстауға кедергі болған жоқ. Жиынға қатыстық сала ардагерлері іске сәттілік тіледі. Енді 22 арнайы көлік далалы аймақтарда жұмыс сапасын арттыруға оң ықпал етеді дейді энергетиктер.

Самитдин Нұртаев, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-нің жетекші инженері: «Бізде әрбір ауданда арнайы жедел диспетчерлік бекеттер жұмыс жасайды. Электр жүйесіндегі ақаулардың алдын алып, апатты жағдайларды ретке келтіруде мобильді бригадалар белсенуде».

«Оңтүстік ЖарықТранзит» ЖШС-де жетістіктер жетерлік. Мамандар өткен жылды жақсы қорытындылады. 2012 жылға жоспарланған инвест бағдарлама 100 пайыз орындалды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=GbRFkFqeVDk[/youtube]