«Түркістан» қосалқы станциясында реконструкция жүргізілуде

546
"Түркістан" қосалқы станциясында реконструкция жүргізілуде

Түркістандықтар енді электр жарығынан тапшылық көрмейді. Өйткені, осындағы қосалқы станцияда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Инвестициялық бағдарлама аясында қолға алынған шара барысында тозығы жеткен трансформатор, электр жарығы құрылғылары жоғары технологиялы, заман талаптарына сай қондырғылармен алмастырылмақ.

 Серік Нұрбеков, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС техникалық директорының орынбасары: «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің 2013-2015 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы ҚР табиғи бәсекелестікті реттеу агенттінің облыстық департаментінің және ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген. Инвестициялық бағдарламада 7 556 238 теңгеге қаржы  қарастырылған, оның ішінде 2013 жылға – 2 261 608 теңге, 2014 жылға – 2 миллиард теңгеден астам, 2015 жылға 2 820164 теңге қаржы бөлінген. Соған байланысты серіктестік басшылығы Түркістан қосалқы станциясында 110/35/10 кВт қайта жаңғырту жұмыстарын үстіміздегі жылдың жоспарына қосуды ұйғарды. Мұнда 1979 жылғы қуаты  Т-3 Р -10000 кВа қуатты трансформаторды Р-25000 кВа  трансформаторына ауыстыру және тозығы жеткен коммутациялық құралдарды қазіргі заман талабына  сай элегазды ажыратқышқа, вакуумдыға алмастыру қарастырылған».

"Түркістан" қосалқы станциясында реконструкция жүргізілуде
«Түркістан» қосалқы станциясында қайта қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр

Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатта биыл бағытталған 2 миллиард теңгеден астам қаржы ескірген жүйелерді жаңалауға жұмсалды. Енді Түркістанның қосалқы стансасындағы жаңашылдықтар тұтынушыларды электр жарығымен үздіксіз қамтуға мүмкіндік береді.

 Ділшат  Ибрагимов, «Түркістан» қосалқы станциясының бастығы: »  Электр жүйесін жаңғырту 2013-2014 жылдардағы күз-қыс мезгілінен ойдағыдай өтуіне ықпалын тигізеді. Тағы бір маңызды тұс – «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің электр желілеріне жаңа тұтынушылардың қосылуы Түркістан қаласында шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді. Қосалқы станцияда орнатылған  қуатты трансформатор басқа қондырғыларды  жөндеуге мүмкін береді.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7z0aQfOCDig[/youtube]

Айта кету керек, Түркістан қосалқы станциясында орнатылып жатқан қуаты жоғары трансформаторлар отандық кәсіпорындарының бірінде – Кентауда шығарылған. Энергетиктер бұл жергілікті тауар өндірушілерін қолдау ғана емес, сапаға кепілдік те дейді.