«ОңтүстікЖарықТранзит»: Жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде

167

 Түркістан облысы Сайрам ауданында электр желілерінің 70 пайызы жаңартылды. Жаңғырту жұмыстары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-інің инвестициялық бағдарламасы аясында жүріп жатыр.

Мамандар жұмыстар толық аяқталғаннан кейін электр энергиясының сапасы жақсаратынын айтады. Жұмыстарды күздің басында аяқтауды жоспарлап отыр.

Сайрам ауданында электр желілерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і 2016-2022 жылдарды қамтитын инвестициялық бағдарламасы аясында энергетиктер өз желілерін жаңартуда. Қазір 6 елдімекенде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар Қарамұрт, Сайрам, Ақсукент, Исфиджаб, 17 партсьезд және Манкет ауылы.

Рахымжан Қабланов, Сайрам ауданының бас инженері: «Сайрам ауданында электр тарату жүйесінде Қарамұрт ауылдық округінде Қарамұрт электр желісі 5,750 км электр ағаш бағаналары темірбетон бағаналарға ауыстырылып жатыр. 177 дана электр бағаналары ауыстырылып жатыр. Реконструкция 0,4 бойынша биылғы жылда 7,24 км электр бағаналары ауыстырылып жатыр 210 дана. А16 кабель сымдары А35 линиясына ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр».

Энергетиктердің сөзінше, желілерді жаңарту ауылдардағы халық санының өсуіне де тікелей қатысты. Басты мақсат – электр энергиясының сапасын жақсарту. Сондай-ақ, жаңғырту жұмыстарының арқасында енді тұрғындарда электр қуатының кернеуінен еш мәселе туындамайды. Бұл жұмыстарға Сайрам аудандық электр желілері қызметкерлерінің 6 бригадасы мен 9 техникасы жұмылдырылған.

Рахымжан Қабланов, Сайрам ауданының бас инженері: «Реконструкция бойынша биыл 6 дана трансформаторларымыз бар 100-дік, 160-тық кВа-лық. Олардың бәрін 250, 400-дік кВа трансформаторларын КТПН бағаналарға ауыстырып жатырмыз. Жәни СИп бағдарламалары бойынша биыл 12,034 км 400 электр бағаналарын СИп кабелбдерімен ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қыркүйек айына дейін 100 пайызға орындауды жоспарлап отырмыз».

Сала мамандарының сөзінше, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і инвестициялық бағдарламасы шеңберінде электр желілерінің 70 пайызы жаңартылды. Айта кету керек, Сайрам ауданы Түркістан облысындағы халық саны бойынша ең үлкен аудандардың бірі болып саналады.