Úı Jańalyqtar Ресейден Қазақстанға 54 миллиардтан астам ақша аударылған

Ресейден Қазақстанға 54 миллиардтан астам ақша аударылған

Биыл Ресейден Қазақстанға 54 млрд 600 млн теңге ақша аударылған. Ұлттық банктің мәліметінше, жалпы жеті айда шет елдерден 359 млрд теңге біздің қаржы ақша айналымына енген.

Әсіресе шілдеде Қазақстанға көбірек ақша қаражат аударылған – 91 млрд теңгеден асады. Ресейден бөлек, Қырғызстан, АҚШ, Оңтүстік Корея мен Өзбекстаннан елге ақша жібергендер көп.