Жайылымнан 2 млн. теңгенің қойларын ұрлап кеткен

29

Жайылымнан мал ұрлаған шетелдік екі азамат қамауға алынды. Қазығұрт аудандық полиция бөліміне шағымданған шымкенттік тұрғынның айтуынша, жайылымдық жерден құны 70 000 теңге тұратын 27 бас қойын белгісіз біреулер жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 2 000 000 теңгеге жуық.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды. Жедел тексеріс жұмысы нәтижесінде, қылмысқа күдікті ретінде шетелдік екі ер адам ұсталды.

Олар Өзбекстан және Қырғызстан Республикасының азаматтары болып шықты. Қазіргі таңда сезіктілер қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.