Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қоймасында жарылыс болды

31

22.10.2022 ж. таңғы сағат 5:55-тер шамасында Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы Малик елдімекеніндегі ӨР-нің Қорғаныс министрлігінің әскери қоймасында жарылыс болған.

Мақтаарал ауданының Өзбекстанмен шекаралас аумағында жарылыстың дүмпуі қатты байқалған.
Ауданның төтенше жағдайлар комиссиясы шұғыл түрде Жамбыл, Бірлік, Иіржар, Еңбекші ауылдық округтері мен Атакент кенті бойынша зардап шеккен әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің бар-жоғын анықтау бағытында жұмыстар жүргізуде.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі, анықталған жағдайда қосымша хабарланатын болады.
22.10.2022 жылы сағат 10:00-де аудан әкімі аппаратында жедел штаб отырысы өтті.
Өзбекстан Республикасы тарапынан беріліп жатқан ақпарат көздеріндегі мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда Мақтаарал ауданының тұрғындарына қауіп жоқ екенін хабарлаймыз.