Экономиканы демонополиялау жөніндегі комиссия отырысы өтті

29
фото Ашық дереккөзден

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов экономиканы демонополиялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, қаржылық мониторинг агенттігінің, «Самұрық-Қазына» қорының басшылары және тағы басқалары қатысты.
Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетика кешенінің кейбір активтерін, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорынды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады.
Талқылау қорытындысы бойынша премьер-министр комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін барлық қажетті заңды және ұйымдастыру шараларын пысықтауды тапсырды.