Мемлекет және қоғам қайраткері өз таңдауын жасады

38

Саяси науқан күні Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты Орынбай Рахманбердиев өз таңдауын жасады. Зейнеткер №218 сайлау учаскесіне келіп, ел алдындағы азаматтық міндетімді орындадым дейді. Қоғам қайраткері биылғы сайлауда дауыс беру бюллетеніне “бәріне қарсымын” деген жолақтың енгізілгенін де тілге тиек етті.

Сөзінше, сайлауға түсіп отырған барлық кандидаттың мақсаты бір. Ол еліміздің экономикасын дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыру. Дегенмен ел болып таңдаған мемлекет басшысы бағдарламада көрсетілген бағыттарды орындаса деген телегі бар.

Орынбай Рахманбердиев, Мемлекет және қоғам қайраткері: «Бүгін сайлау күні ғой. Бұл керемет халық үшін ел үшін үмітпен қарайтын күн. Жұрт келеді дауыс береді. Мен өзі дауыс беріп жүргеніме 60 жыл болды. 30 жыл кеңес одағы уақытында, 30 жыл Тәуелсіз елде бердім. Әр дауыс бергенде біз шындығындада келешегіміз не болады халық қалай өмір сүреді, осы мәселе әрбірімізде. Кандидаттардың айтатыны бір. Халқымыздың да мақсаты сол ғой».

«Тұлпар» балабақшасында орналасқан №218 сайлау учаскесіне 2791 дауыс беруші тіркелген. Өз таңдауын жасауға келіп, белсенділік танытқандардың арасында шымкенттік шенеуніктерді де байқадық. Айта кетсек, сайлау учаскесіне келген сайлаушылар бюллетеньді алу үшін жеке куәлігін көрсетеді. Осы жолы азаматтарға цифрлық құжатпен де дауыс беруге рұқсат етіліп отыр.

Электронды жеке куәлікті eGov mobile қосымшасынан, сондай-ақ Kaspi мен Halyk банктерінің мобильді қосымшаларынан көрсетуге болады.

 Азиза Өтеулиева